Сарыкөл — Ақтөбе облысы Темір ауданы, Сарыкөл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2023 жылы таратылған.Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Географиялық орны Аудан орталығы – Шұбарқұдық кентінен оңтүстікке қарай 79 км-дей жерде, Темір өзенінің сол жағалауындағы көкпек, қара жусан, бұйырғын өскен бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1083 адам (561 ер адам және 522 әйел адам) болса, 2009 жылы 1147 адамды (587 ер адам және 560 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1216 адамды (631 ер адам және 585 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Инфақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, балабақша, шаштараз т.б. мекемелер бар.

Көшелері Сарыкөл ауылында 5 көше бар: Мешіт, Мектеп, Мәуішев Сақи, Тәуілсіздік, Сәңкібай батыр көшелері.

Дереккөздер

Санат:Темір ауданының таратылған елді мекендері