Алтықарасу — Ақтөбе облысы Темір ауданындағы ауыл, Алтықарасу ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Шұбарқұдық кентінен батысқа қарай 47 км-дей жерде, Ойыл өзенінің сол жағалауында. Теңіз деңгейінен шамамен 135 метр биіктікте орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1491 адам (749 ер адам және 742 әйел адам) болса, 2009 жылы 879 адамды (459 ер адам және 420 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 642 адамды (333 ер адам және 309 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Транспорты Елді мекен арқылы Ақтөбе-Қандыағаш-Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Ақсай-Шыңғырлау тас жолы өтеді.

Басқа да деректер Тұрғындары мал шаруашылығымен айналысады. Ауылда орта мектеп, аурухана, кітапхана, мәдениет үйі бар.

Дереккөздер

Санат:Темір ауданы елді мекендері