Жол чегі – негізінен халықаралық туризмде туристерді валютамен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын төлем құжаты; чекте көрсетілген соманы шетелдік немесе ұлттық валютамен төлеу жөніндегі ақшалай міндеттеме. Оны эмитент-банктің агенті болып табылатын кез келген мекемеден сатып алуға болады. Чекке иесі бірінші рет сатып алу кезінде, екінші рет қолма-қол ақша алу кезінде қол қояды. Түрлі атаулы құнмен және түрлі валюта бағамымен шығарылады, кейде есепшоттар бойынша төленуге қабылданады. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;

Сілтеме

Санат: Көлік және коммуникация, Байланыс