нобай Телеология - (грекше teleos - мақсат, нәтиже және logos - ілім, заң) табиғат құбылыстарының сәйкестілігі мен мақсаттылығы туралы идеалистік ілім, бұл ілім бойынша табиғат құбылыстарының ең жоғары негізі, алғашқы бастауы және аяқталуы - құдай болып табылады. Телеологтардың бұл көзқарасы бойынша "мысық жаралғанда тышқанды жеу үшін, тышқан мысыққа жем болуы үшін жаралған, ал бүкіл табиғат жаратушының даналығын дәлелдеу үшін жаралған" болады деп Энгельс мысқылдай жазған еді. Телеология құбылыстардың жалпыға бірдейй өзара байланысы мен заңдылықтарын түсіндіруге жасалынған әрекет болады. Телеологиялық концепцияны Аристотель, Ф.Аквинский, Лейбниц, Гегель және басқалар дамытты. Ф.Аквинский оны анағұрлым егжей-тегжейлі талдау жасап, құдай болмысының телеологиялық дәлелі дейтін ұғымды қалыптастырды. Ч.Дарвиннің ілімі Телеологияның биологиядағы табиғат құбылыстарының пайда болу заңдылықтары мен себептерін ғылыми тұрғыдан түсіндірумен сиыспайтынын организмдердің сәйкестілік құрылымы табиғи сұрыптаудыңнәтижесі екенін ашып берді. Марксизм, мақсаткерлік әрекет, нысаналы бағыт адамдарға ғана тән екендігі ол материалдық, әлеуметтік (таптық), тұрмыстық жағдайдан туатындығы, ал мақсаттарды жүзеге асыру обьективтік тарихи заңдылықпен реттелетіндігі туралы қағиданы ұсына отырып, Телеологияның негізсіздігін дәлелдеді.Мысалы: Философияда - табиғаттағы немесе қоғамдық құбылыстардығ белгілі бір мақсатқа бағытталғанын түсіндіру. Этикада - әрекеттің дұрыстығын оның нәтижесі мен мақсатына қарай бағала. Биологияда - ағзаның белгілі бір қызметі деген тұғырдан қарастырылады.Д. Мадеев, Е.Сапуанов «Атеистің қалта сөздігі» Алматы «Қазақстан» 1988 жыл, 288 бет“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Дереккөздер
Санат:Онтология