Назар тамы – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші тізіміне енген, ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауы­лы­нан сол­тү­стік-ба­тыс­қа қа­рай 6 км жерде.

Кесене сипаты Сегіз қырлы етіп салынған мазар, шикі кірпіштен өріліп, сырты күйдірілген кірпіштен қапталған, күмбезделіп салынған. Ішкі беті саз балшықпен сыланып, ақталған. Биіктігі 4 м болатын Назар тамының қабырғаларында қызыл бояумен жазылған арабша таңбалар бар."Ырғыз" энциклопедиясы. - Алматы, 2010. - 440 бет

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері