Санақ жүйесі, механикада — материалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жүйесі мен сағаттар жиынтығы; әртүрлі уақытта қозғалыстағы денелердің (немесе механикалық жүйенің) салыстырмалы орнын анықтайтын нақты немесе шартты алынған қатты дене.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0 Қозғалыстың барлығы салыстырмалы, сондықтан кез келген дененің қозғалысын басқа денелерге қатысты салыстырмалы түрде қарастырады. Мыс., айдың қозғалысы Жермен, Күнмен немесе басқа жұлдыздармен салыстырылады. Таңдап алынған Санақ жүйесімен салыстырғандағы дененің қозғалысы осы жүйедегі дене орнын анықтайтын координаттардың уақыт бойынша өзгерісін білдіретін теңдеулермен өрнектеледі. Кинемат. зерттеулерде барлық Санақ жүйесінің атқаратын рөлі бірдей, ал динамика мәселелерінде (бірқалыпты, түзу сызықты қозғалатын немесе тыныштық күйдегі денелерде орналасқан, яғни инерция заңы орындалатын Санақ жүйесі) инерц. Санақ жүйесі басты рөл атқарады. Оларға қатысты қолданылатын қозғалыстың дифф. теңдеулерінің түрі қарапайым болып келеді.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том Санақ жүйесі дене қозғалысының теңдеуін қорытып алуға мүмкіндік жасайды. Санақ жүйелері инерциялы және қозғалмалы ("инерциялы емес" деп аталып келеді) болып екі топқа болінеді. Инерция аксиомасы орындалатын санақ жүйелері инерциялы санақ жүйелері деп аталады. Олардың қатарына қозғалмайды деп алынған, және бірқалыпты ілгерілемелі түзу сызықты қозғалыстағы санақ жүйелері енеді. Механикалық қозғалыстарды зерттеу ең алдымен дененің кинематикалық сипаттамалары (траектория, жылдамдық, үдеу т.б. ұғымдар) арқылы жүргізіледі. Нүкте қозғалысы траекториясына байланысты түзу сызықты және қисық сызықты деп қарастырылса, жылдамдығына қатысты бірқалыпты және үдемелі қозғалыстарға бөлінеді.

Жерге бекітілген санақ жүйесі Жерге бекітілген санақ жүйесі - бас нүктесі жердің кез келген нүктесіне бекітілген декарттық координатапар жүйесі. Техникалық есептерді шешуге пайдаланады.

Дереккөздер

Санат:Механика