Шәкен Айманов ескерткіші — қазақтың атақты актері, режиссер, 1964 ж КСРО-ның халық артісі, қазақ киноматографиясының негізін салушысы Шәкен Аймановтың құрметіне орнатылған ескерткіш.
Сипаттамасы Ескерткіш 2015 жылдың 15 қазанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында ашылды. Ашылу салтанатына атақты кинорежиссердің немересі — музыкант Дина Айманова қатысты. Қоладан құйылған 4 метрлік мүсін актердің мінезі мен кейіпкердің бейнесін айқындайды. Композицияның авторы – Асқар Нардов. Мұнда Шәкен Айманов өмірінің барысында қолданған камерамен бірге бейнеленген, ал өзі түсірілімге режиссерлік етіп тұрған тәрізді. Бағасы 64 миллиондық ескерткіш меценаттардан жиналған ақшаға қойылды.
Сілтемелер Жаңалықтар архиві Санат:Қазақстан ескерткіштері