thumb|right|200px| thumb|right|Ландсат Кахивка су қоймасы thumb|right|Sentinel-2 L2A спутниктік суреті
Каховка бөгені – Днепр өзеніндегі Каховка су торабының плотинасымен жасалған бөген.
Украинаның Херсон, Днепропетровск және Запорожье облыстары жерінде. Бөген 1955-58 жылдары толтырылды. Ауданы 2155 шаршы километр, көл. 18,2 км3, ұзындығы 230 км, ең енді тұсы 25 км, орташа тереңдігі 8,4 м, аса терең жері 36 м. Каховка бөгенінен Солтүстік Қырым каналы басталды. Бөген жасалуының нәтижесінде Днепрдің төменгі ағысының суы молайып, тереңдей түсті. Табан балық, сазан, көксерке ауланады. Жағасында Запорожье, Никополь, Каховка, Новая Каховка, Берислав қалалары орналасқан.
Дереккөздер
Санат:Днепр су алабы Санат:Украина бөгендері Санат:Солтүстік Қырым каналының бастаулары