Павлодар Орталық стадионы250pxОрналасуы Павлодар, ҚазақстанМекен-жайыЛуначарского көш. 50Салынған1947Ашылған1947Сыйымдылығы11 828Сыйымдылығы: 11 828 Құны517 000 000 теңгеГазон түріЖасандыФутбол алаңының жылытуыБарИесіПавлодар облысының әкімдігіКомандасыЕртіс ФКfc-irtysh.ru. «Detalle e historia, estadio "central"» Орталық стадион — Павлодар қаласында орналасқан стадион. Бұрынғы атауы — «Трактор». Ертіс ФК-нің стадионы.
Келбеті және деңгейі Стадионда 105 × 68 метр өлшемімен ойын алаңы мен 11,828 көрермендерге арналған орындықтар бар. «Орталық» стадионы қайта жаңартуға 2001 және 2007 жылдары ұшырады. Мынадай өзгерістер жүзеге асырылды:
2001 жылғы қайта жаңарту Жанкүйерлерге арналған автокөлік паркі салынды. БАҚ үшін арнайы аумақ кеңейтілген, операторлар үшін алаң құрылған. Команданың киім ілетін орны мен мәжіліс залы кеңейтілген. Футбол алаңының ауқымды жаңарту жасалған. Көгалдарды суару жүйесін қалпына келтірілді. Барлық алты жарықтандыру мұнаралары қалпына келтірілді. Қоғамдық дәретханалар күрделі жөнделді.
2007 жылғы қайта жаңарту Табиғи шөп Нидерландыда жасалған жасанды газонға ауыстырылды. Стадионның шағын алаңы салынды. УЕФА стандарттарына сай, 30 см өлшемді пластиктен жасалған орындықтар батыс, солтүстік, шығыс трибуналарда қойылған. Жүгіру жолына алфальт төселді. VIP-бөлмелер жөнделді. Сыртта жөндеу: барлық құрылымдық бөліктерді бояу, стадион қабырғалары сайдингпен жабылған, ағаш терезелер пластикке ауыстырылды.
2007-2008 жылдардағы маусымның алдында ескірген электронды таблолар, ойын жағдайларын мен басқа ойындарды қарауға бейімделген LCD-мониторы қойылған. 2009-2010 маусымында Ертіс футбол командасы жасанды газонда жылыту өрісінде жаттықты.
Дереккөздер
Сілтемелер «Орталық» стадионыfc-irtysh.narod.ru
Санат:Стадиондар Санат:Қазақстан стадиондары Санат:Павлодардағы спорт Санат:1947 жылы салынған стадиондар Санат:Стадиондар