Давид Олатокунбо Алаба (; 24 маусым 1992 жыл, Вена) — аустриялық футболшы, "Реал Мадрид" мен Аустрия ұлттық құрамасының ойыншысы. Көбінесе сол қанаттағы қорғаушының позициясында ойнайды, сонымен қатар қорғаныстың ортасында және жартылай қорғаушының рөлдерінде ойнай алады.
Отбасы Алабаның шыққан тегі афроазиат, оның анасы — филлипиндік, ал әкесі — нигериялық. Анасы мамандығы бойынша медбике, әкесі диджей (кезіндегі рэпер).
Мансабы
Клубтық солға|нобай|270x270 нүкте|Алаба Аустрияның жасөспірімдік ұлттық құрамасының сатында Давид Алаба өз мансабын вендік Аустрия жасөспірімдік командасында бастады. 2008 жылы Алаба австриялық клубтың қосалқы ойыншыларының орнына ие болды. Аустрияны резервтік сатысында 5 ойын өткізіп, сол жылдың жазында мюнхендік Баварияға ауысты. 2009/2010 жылғы маусымда Алаба алғашы рет Мюнхендік команданың резервтік сатысына кірді, ал ол жерде 2009 жылы Үшінші лигадағы дрездендік Динамоға қарсы ойында дебюттік ойынға шықты. Сол жылдың 29 тамызында Давид Баварияның резервтіліктердің сатында алғашқы голын соқты. Сол уақытта Алаба негізгі команданың Чемпиондар Лигасында ойнайтын ойыншылардың тізіміне кіргені белгілі болды. 2010 жылдың қаңтарында Давид мюнхеннің негізгі клубының жаттығуларына қатыса бастады.
Баварияның негізгі сатысында Алаба 10 ақпанда, Германияның Кубогындағы Гройтер Фюрт клубына қарсы ойынның 59-ші минуттында Кристиан Лелляменен алмасып, дебюттік ойынын өткізді. Ал бір минуттан соң Франк Рибериге ассист жасап, Франк жеңістік голды соқты. Алаба Баварияның тарихындағы ресми ойындарға қатысқан ең жас футболшысы болды. Сол кезде ол 17 жыл, 7 ай және 8 күн жасында еді. 6 наурызда Бундеслиганың 25-ші турындағы Кёльнге қарсы кездесуде Алаба Бундеслигада дебюттік ойынын өткізді, ол 73-ші минутта Диего Контентоменен алмасты. 3 күннен соң Алаба өз мансабындағы Чемпиондар Лигасындағы алғашқы кездесуін өткізді, ол Фиорентинаға қарсы 2-ші турдың кездесуі болған.
2011 жылы 10 маусымда Бавария ойыншыменен 2015 жылға дейінгі жаңа келісімшартты жасады. 2013 жылы 2 сәуірді Давид Ювентусқа қарсы ойында Чемпиондар Лигасының ең тарихындағы ең тез голдардың бірін соқты. Ол кездесудің 25-ші секундасында голды соқты.
2021 жылдың 28 мамырында Испанияның Реал Мадрид клубы Давид Алабамен 1 шілдеден бастап бес жылдық келісімшартқа қол қойғанын жариялады. Ол соңғы 16 маусым бойы капитан болған Серхио Рамос киген 4-нөмірлі жейдені мұраға алды. Алаба 14 тамызда Алавеске қарсы 4:1 есебімен жеңіске жеткен ойында негізгі құрамда дебют жасады.
Құрамада Давид Алаба Аустрияның ұлттық құрамасының сатындағы алғашқы дебюттік ойыншы 2009 жылы 14 қазанда 17 жасында өткізген болатын. Ол 2010 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінің Франция ұлттық құрамасына қарсы кездесу еді, ол жерде 79-ші минутта Кристиан Фукспенен алмасты. Давидтың Аустрияның (21 дейін) ұлттық құрамасындағы ойндары мен голдары№ДатаОрныҚарсыласЕсепСоғылған голдарБірншілік12009 жыл 5 қыркүйекМариа-Энцерсдорф, АустрияШотландия (21 дейін)1:0—ЕЧ-2011 іріктеу кезеңі22009 жыл 9 қыркүйекВинер-Нойдорф, АустрияАлбания (21 дейін)3:1—ЕЧ-2011 іріктеу кезеңі32009 жыл 10 қазанБаку, ӘзірбайжанӘзірбайжан (21 дейін)1:2—ЕЧ-2011 іріктеу кезеңі42009 жыл 13 қарашаТирана, АлбанияАлбания (21 дейін)2:2—ЕЧ-2011 іріктеу кезеңі52010 жыл 11 тамызПашинг, АустрияБеларусь (21 дейін)3:3—ЕЧ-2011 іріктеу кезеңі Барлығы: 5 ойын; 3 жеңіс, 2 тең ойындар, 0 жеңіліс.
Аустрия құрамасындағы голдар мен ойындар Давидтың Аустрия құрамасының сатындағы ойындары мен голдары№ДатаОрныҚарсыласЕсепСоғылған голдарБірншілік12009 жыл 14 қазанПариж, ФранцияФранция3:1—ӘЧ-2010 іріктеу кезеңі22009 жыл 18 қарашаВена, АустрияИспания1:5—Жолдастық кездесу32010 жыл 3 наурызВена, АустрияДания2:1—Жолдастық кездесу42010 жыл 7 қыркүйекВальс-Зиценхайм, АустрияҚазақстан2:0—ЕЧ-2012 іріктеу кезеңі52010 жыл 17 қарашаВена, АустрияГрекия1:2—Жолдастық кездесу62011 жыл 9 ақпанЭйндховен, НидерландНидерланд1:3—Жолдастық кездесу72011 жыл 25 наурызВена, АустрияБельгия0:2—ЕЧ-2012 іріктеу кезеңі82011 жыл 29 наурызСтамбул, ТүркияТүркия0:2—ЕЧ-2012 іріктеу кезеңі92011 жыл 3 маусымВена, АустрияГермания1:2—ЕЧ-2012 іріктеу кезеңі102011 жыл 7 маусымГрац, АустрияЛатвия3:1—Жолдастық кездесу11 2011 жыл 10 тамызКлагенфурт, АустрияСловакия1:2—Жолдастық кездесу122011 жыл 2 қыркүйекГельзенкирхен, ГерманияГермания2:6—ЕЧ-2012 іріктеу кезеңі132011 жыл 6 қыркүйекВена, АустрияТүркия0:0—ЕЧ-2012 іріктеу кезеңі142011 жыл 7 қазанМардакан, ӘзірбайжанӘзірбайжан4:1—ЕЧ-2012 іріктеу кезеңі152011 жыл 11 қазанАстана, ҚазақстанҚазақстан0:0—ЕЧ-2012 іріктеу кезеңі162011 жыл 15 қарашаЛьвов, УкраинаУкраина1:2—Жолдастық кездесу172012 жыл 29 ақпанКлагенфурт, АустрияФинляндия3:1—Жолдастық кездесу Барлығы: 17 ойын; 6 жеңіс, 2 тең ойындар, 9 жеңіліс.
Жетістіктері Клубтық thumb|upright|Давид Алаба Austrian Sports Personality of the Year жүлдесімен, 2014 жыл Бавария Германия Чемпионы (10): 2009/10, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2020/21 Германия Кубогының жеңімпазы (6): 2009/10, 2012/13, 2013/14, 2015/16, 2018/19, 2019/20 Германия Суперкубогының жеңімпазы (6): 2010, 2012, 2016, 2017, 2018, 2020 Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2012/13, 2019/2020 УЕФА Суперкубогының жеңімпазы : 2013, 2020 Клубтар әлем чемпионаты: 2013, 2020
Реал Мадрид Испания Чемпионы (2): 2021/22, 2023/24 Испания Кубогының жеңімпазы (1): 2022/23 Испания Суперкубогының жеңімпазы (1): 2022 Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2021/22, 2023/2024 УЕФА Суперкубогының жеңімпазы : 2022 Клубтар әлем чемпионаты: 2022
Жеке Жылдық Аустриялық ең үздік футболшысы (7): 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2020 УЕФА жылдық командасының сатына кірді (2): 2013, 2014, 2015 Австрияда жылдың спорттық тұлғасы: 2013, 2014
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Аустрия футболшылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Аустрия Вена ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Хоффенхайм ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары