Тасты — Түркістан облысының Созақ ауданындағы ауыл, Тасты ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстікке қарай 176 км-дей жерде, Мойынқұм шөлі мен Бетпақ Дала жазығының аралығында, Шу өзені бойында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13491187 1362 114,7 587 706 120,3 600 656 109,3

Әкімшілік бөлімшелері Ауыл әкімдігінде 1 мектеп, 1 балабақша, 1 аурухана, 1 мешіт, 1 ФАП, 2 кітапхана бар.

Әр жылдардағы ауыл әкімдері: Жүнісұлы Жұмабек (1994-1996 жылдары). Бектаев Амангелді (1996-1997 жылдары). Алпамысов Жорабек (1997-2006 жылдары). Сақтапбергенұлы Пердебек (2006-2010 жылдары). Абенов Бауыржан (2010-2012). Ештай Берік (2012-2016 жылдары). Мырзабеков Бағдат (2018-2019). Тілеулинов Манас 2019 жылдан.

Дереккөздер

Санат:Созақ ауданы елді мекендері