Ризаитдин Фахретдинович Фахретдинов (Риза Фахретдинов; , , , Кичучатово ауылы, Бугульма уезі, Самара губерниясы — 11 сәуір 1936, Үфі, Башқұрт АКСР, РКФСР, КСРО) — башқұрт және татар жазушы-ағартушысы, ғалым-шығыстанушы, діни қайраткер. МОДБ мүфтиі (19221921 жылдан — мүфти міндетін атқарушы—1936).
Өмірбаяны Шығу тегі Самара губерниясының Бугульма уездінің (Қазір Татарстанның Альметьев ауданы) Кичучатово ауылында дүниеге келді. ). Фахретдинов өзі оның руы Шырдан ауылынан (қазір Зеленодоль ауданы, Татарстан) шыққан деп айтқанРизаитдин Фахретдинов. , сол жерден оның арғы атасы орыстар Қазанды басып алған соң зарлықпен шоқындырудан қорқып қашады.Воспоминания об отце.
Ризаитдин Фахретдиновтың шежіресі былай таратылады: Тансар → Кармыш → Бахшанди → Кайбулла → Янгилды → Тоймухамет → Ишмухамет → Юлдаш → Бикмухамет → СубхангуллСубхангул (Собханкул) — башқұрт старшинасы, имам хатиб. → Сайфетдин → Фахретдин → Ризаитдин. Оның атасы Сайфетдин және әкесі Фахретдин (1818—1891) Кичучатово ауылында имам хатиб болып қызмет атқарған. Фахретдинде екі әйел және он бір баласы болған. Ризаитдинның шешесі Магуба Рымкуловна (1821—1873) болды..
М. И. Родновтың айтуынша аулалық санақ материалдарында 1900-01 жылғы карточкада оның «ұлты тептяр» деп көрсетілген.Роднов М. И. Семья Р. Фахретдинова по материалам земской переписи 1900—1901 гг. // Проблемы башкирской, татарской культуры и наследие Ризы Фахретдинова: Материалы межрегионального симпозиума (13 мая 2005 г.). Уфа: ООО «Принт+», 2006. С. 15 — 20.. Р. Шакур бойынша Р. Фахретдиновке 1906 жылы берілген паспорт бойынша оның шығу тегі башқұрт.. Фахретдиновтың өз қолымен толтырылған анкета бойынша оның ұлты башқұрт-тептяр деген мәлімет бар.Ризаитдин бин Фәхретдиндең анкетаһы " Архив газеты «Йәшлек» .
Қалыптасуы Ауылдық медреседе оқыды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін меңгерген. Ресей және басқа елдердің мұсылмандарының байланысмптарын нығайтуға көмектесті және Батыстың империалды және отаршылдық саясатына қарсы шықты. Орал және Еділ бойы халықтарының тарихы мен мәдениеті бойынша зерттеу жасады. Ризаитдин Фахретдиновтың әдеби және ғылыми шығармалары, оның журналистік және редакторлық қызметі Орал-Еділ халықтарың рухани мәдениетінің дамуына елеулі әсерін тигізді. Оның аты Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен танымал болды.
1867—1868 жылдары Ризаитдин Фахретдинов шейх Закира-ишан Камаловта Чистопольдің 1-ші мешітіндегі медреседе оқыды. 1869—1889 жылдары Фахретдинов Нижние Шельчелы ауылындағы медреседе оқыды және сабақ берді. Бұнда 1884 жылы (құрылғаына үш жыл өткен соң) оның қолына Исмаил Гаспралының «Тарджеман» деген газеті түседі. Оқуының соңғы жылдары Фахретдинов А. Курсави, Ш. Марджани, Дж. Афгани, М. Абдо деген реформатор улемдердің шығармаларымен қызықты.
1887 жылы Қазан қаласында Ризаитдин Фахретдиновтың араб тіліне арналған бірінші шығармасы «Морфология бойынша кітап» («Китабе эттэсриф») жарық көрді.
Бірінші үфілік кезең 1891 жылы Үфіге көшіп Орынбор мұсылмандар діни жиналысында қазы болып қызмет атқарды. 1891 жылдың 20 тамызында ахуна дәрежесіне бекітілді.
1893 жылы М. И. Уметбаевпен бірге «Қазан және башқұрттар» тарихи мақаласын жазды. 1894 жылдың қыркүйек айында М. Акмулламен кездесіп ақынға оның шығармаларын кітап ретінде шығаруды уәде етті. Сол жылы шейх Зайнулла Расулевпен достық қарым—қатынас орнатып кейіңірек оның құрметіне кітап басып шығарды. 1895 жылы М. И. Уметбаевпен бірге венгр ғалымы А. Вамберимен оның саяхаттарында ілесіп башқұрт тілі бойынша материалдар жинауға көмектесті..
Орынборда Алтын өндіруші Рамеевтермен басып шығарылған 1906—1908 жылдары либералды «Вакыт» татар газетінің редакторының көмекшісі, 1908—1918 жылдары «Шуро» журналының редакторы болды. «Шуро» журналында Фахретдинов 179 көрнекті мұсылман мәдениет қайраткерлерінің өмірбаяндарын жариялады. Журнал бетінен Фахретдинов Еділ Бұлғариясы, Алтын Орда, Қазан хандығы және авторға замандас Еділ бойының мұсылман түркі халықтарының тарихи сабақтастығы туралы идеяны жақтады.История Казанского ханства в трудах татарских историков конца XIX — начала XX в..
1917 жылдың желтоқсанында III Бүкілбашқұрт құрылтайы жұмысына қатысты. Сонда Р. Фахретдинов Башкурдистан парламентінің алдындағы Кесе-Курултай құрамына сайланды.Постановление III Всебашкирского учредительного курултая от 20 желтоқсан 1917 года.
Башқұрт шуросының Орынбордағы Керуен-сарайы бойынша уәкілетті болды..
Екінші үфілік кезең 1922 жылы Ішкі Ресей және Сібір орталық мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі болып сайланды.
1926 жылы I дүниежүзілік мұсылмандар конгресінде кеңес мұсылмандарының басшысы ретінде қатысып және де Меккеге қажылық жасады.
1927 жылы РОМДБ тарихи максималды — 14 825 приходтарды біріктірді. Бірақ 1930 жылдың мамыр айында 10 000 астам мешіт жабылып 90 нан 97 % дейін моллалар мен муидзиндер өздерінің қызметін атқару мүмкіншілігінен айырылды.
Фахретдинов мешіттердің жабылуы, аресттерге және діни кітапханаларды жоюға қарсы шықты. Әдебиеттердің бір бөлігін оған РОМДБ мұрағатында сақтап қалуға сәті түсті. 1930 жылы мүфти РОМДБ ның басқа да мүшелерімен бірге бүкіл әлемнің назарын КСРОдағы Ислам дінінің жағадайына назар аудару үшін отставқаға кетуге дайындалып жатты.
Өзінің өмірлік және шығармашылық жолын Ресей және Сібір мүфтиі лауазымында 1936 жылы Уфі қаласында Діни басқарманың басшылығын жаппай аресттеуге бірнеше ай қалғанда аяқтады. Аңыз бойынша мыңдаған мұсылман Фахретдинның қазасы туралы естіп оның туған ауылында түнде жасырын жаназа шығаруға жиналыпты.К 150-летию со дня рождения Ризаэтдина Фахретдина. Похоронен на мусульманском кладбище в Уфеhttp://img-fotki.yandex.ru/get/6513/36256508.23/0_64dff_dc27a24f_orig.
Шығармашылығы Ризаитдин Фахретдинов Башқұрстанның ірі философы болып табылады.
Ол әйелдердің эмансипациясы мәселесін көтеретін, халықты алдынғы қатарлы еуропа мәдениетіне қосуды жақтайтын «Салима, или Целомудрие» (1889), «Асма, или Проступок и наказание» (1903) деген повесттердің авторы болып табылады.
Ризаитдин Фахретдиновтың мұраларының ортасында аса маңызды орынды көп томдық тарихи-биобиблиографиялық «Асар» кітабы алады. Бұл кітапты ондаған жылдар бойы жазып ғалымдардың өмірі мен шығармаларына, Шығыс халықтарын ағартушы және мәдениет қайраткерлеріне арнаған.
"Гонаһ онотолмаҫ һәм изгелек ерҙә ятып ҡалмаҫ. Киләсәгебеҙҙә үлем бар, һуңынан хисап буласаҡ һәм яуап һораласаҡ. Ул көн күп йөҙҙәр аҡ һәм күп йөҙҙәр, Алла һаҡлаһын, ҡара буласаҡ!...
Һәр кем донъяла эшләгән ғәмәленең язаһын әхирәттә күрәсәк һәм һәр кем ни сәсһә, шуны урасаҡ."
Ризаитдин ФӘХРЕТДИН.
Жанұясы Әйелі — Нурджамал (Нуризиган) Абдулнасыровна, 1885 жылдан некеде Ұлы — Габдрахман (1887—1936) Ұлы — Габдулахад (1889—1938), Ұлы — Габдрашид (1892—1953) Қызы — Зайнаб (1893—1985). Ұлы — Сагид (1900—1944) Қызы — Асьма (1906—1993).
Естелік Р. Фахретдинов атын Ресей Ислам университетінің алдынғы мекемесі Үфідегі Р. Фахретдинов атындағы медресе (1989—1999) және оның негізінде құрылған Ризаэтдин ибн Фахретдин (1999—2003) Ислам институты тақты. Альметьевск қаласында Ризаэддин Фахреддин атындағы орталық мешіт жұмыс атқарады.Центральная мечеть им. Ризаэддина Фахреддина | Сайт мухтасибата Альметьевского района и города Альметьевск . 1995 жылы Татарстанның Альметьев ауданының Кичучатово ауылында Ризаэддин Фахреддинның мемориалды музейі ашылды.Мемориальный музей Ризаэддина Фахреддина. 1998 жылдан бері Альметьевск қаласында ТР МДБ ЦРО Р.Фахреддина атындағы ислам медресесі жұмыс атқарады.http://aimedrese.ru/o-nas. 2005 жылы Татарстан Республикасында ұлттық білім беруді жетілдіру және одан әрі дамыту мақсатында, тереңірек зерттеу және ұлы татар ағартушысы және педагогы Ризаэддин Фахреддинның педагогикалық мұрасын кеңінен қолдану үшін, педогогикалық коллектив пен білім беру мекемелерінің жұмыскерлерін материалды және моральды қолдау ынталандыру рөлін күшейту үшін Ризаэддин Фахреддин атындағы республикалық премия тағайындалды. Жыл сайын екі премия педагогикалық коллективке және мектепке дейінгі, қосымша, жалпы орта, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім қызметкерлеріне беріледі. Премияның лауреаттары "Ризаэддин Фахреддин атындағы республикалық премиясы" төс белгісін және диплом алады.Постановление Кабинета Министров Республики Татарстан от 07.07.2005 № 329 «О Республиканской Премии имени Ризаэддина Фахреддина». 2004 жылдан бері Татарстан Республикасында жыл сайын Ризаэддин Фахреддиннің шығармашылық мұрасына арналған республикалық педагогикалық оқулар өткізілед і.Министерство образования и науки Республики Татарстан . 2009 және 2011 жылдары Үфіде Фахретдинов оқулары өтті. 2009 жылы Лениногорск қаласының қалыптасып жатқан бір көшесіне Риза Фахреддинның аты берілді.Постановление Кабинета Министров Республики Татарстан от 15 апреля 2009 г. № 228 «О присвоении формируемой улице г. Лениногорска имени известного татарского просветителя Ризы Фахреддина». 2013 жылы Чистополь қаласының солтүстік-батыс ауданыңдағы жаңадан салынған көшелердің біреуіне Р. Фахреддинның аты берілді.Чистопольский муниципальный район . 2015 жылы Қазан қаласының Приволжск ауданының «Казанская усадьба» коттедж компексінің бір көшесі Фахретдин Ризаитдин құрметіне аталды.Постановление Исполнительного комитета г. Казани от 09.10.2015 № 3685 «О внесении изменений в постановления Исполнительного комитета г. Казани от 26.06.2015 № 2514, от 07.02.2014 № 600».
Дереккөздер
Әдебиет
Ризаэтдин Фәхретдин: Фәнни-биографик җыентык=Ризаэтдин Фахретдинов: Научно-биографический сборник / Төз. Раиф Мәрданов, Рамил Миңнуллин, Сөләйман Рәхимов. — Казан: Рухият, 1999. — 224 б.
Сілтеме
Юрий Узиков. «Звезда первой величины»
Семья Р. Фахретдинова Роднов М. И. Семья Р. Фахретдинова по материалам земской переписи 1900—1901 гг. // Проблемы башкирской, татарской культуры и наследие Ризы Фахретдинова: Материалы межрегионального симпозиума (13 мая 2005 г.). Уфа: ООО «Принт+», 2006. С. 15 — 20.
Санат:Самара губерниясында туғандар Санат:Мұсылман зиратында жерленгендер (Үфі) Санат:Татар жазушылары Санат:Ресей империясының шығыстанушылары Санат:КСРО шығыстанушылары Санат:Башқұртстан діни қайраткерлері Санат:Башқұрт жазушылары