Қызылкөпір (2017 жылға дейін – Шаян)Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Дермене ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Арыс қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбенТұрғылықты тұрғындары болмады505 566 112,1 251 269 107,2 254 297 116,9

Тарихи дерек thumb|right|200px|19 ғасырда салынған "Қызыл көпір" thumb|right|200px| Арыс қалалық әкімдігі мен Бәйдібек ауданы шекарасында орналасқан бұл ауылда 19 ғасырдың 80 жылдары Патша Өкіметінің пәрменімен салынған "Қызыл көпір" атты көпір бар. Оның негізгі бөлшектері болат пен темірден жасалған, құрастыруда бірде бір болт немесе гайка пайдаланылмаған. Белағаштары және бір жарым ғасырдан бері су табанында тұрған табан кірпіштері осы уақытқа дейін еш үгітілмеген, сол қалпында сақталған.

Ыстық пен суыққа төзімді етіліп салынған аса күрделі инженерлік құрылыс делінген бұл көпір тарихи маңызы бар нысан ретінде мемлекет қарауына алынған. Бүгінде бұл арадан Батыс Қытай – Батыс Еуропа жолы өтеді. Тұрғындар осы жолдың ортасында қалған бұрынғы ескі осы көпірді бұзғызбай алып қалған екен.

Дереккөздер

Санат:Арыс қалалық әкімдігі елді мекендері