Григорий Ефимович Распутин (1906 жыл — Распутин-Новых; 9 қаңтар 1869, Покровск, Тобол губерниясы, Ресей империясы — 17 желтоқсан 1916, Петроград, Петроград губерниясы, Ресей империясы) — Покровское ауылындағы Тоболь губерниясының шаруасы. Ресей императоры Николай II –нің отбасының жақын досы болғанымен танымал. 1910-жылдары Петербург қоғамының белгілі бір топтарында «патшаның досы», «ақсақал», көріпкел және емші ретінде танымал болды. Распутиннің жағымсыз бейнесі революциялық, кейін кеңестік үгіт-насихатта пайдаланылды. Бүгінге дейін Распутиннің тұлғасы мен оның Ресей империясының тағдырына ықпалы төңірегінде көптеген даулар жалғасып келеді.
Өмірбаяны
Ата-бабалары және этимологиясы Распутиндер әулетінің ататегі «Изосим Фёдоров ұлы» болған. 1662 жылғы Покровское ауылы шаруаларының санақ кітабында оның әйелімен және үш ұлымен — Семён, Насон және Евсеймен бірге Яренск уезінен жиырма жыл бұрын Покров слободасына келіп, «егіндікке орналасқаны» айтылған. Ұлы Насон кейін «Роспута» деген лақап ат алған. Сол кісіден XIX ғасырдың басында Распутиндер атанған барлық Роспутиндер тараған. 1858 жылғы үй-жай санағы бойынша Покровское ауылында «Распутины» фамилиясын алып жүрген отыздан астам шаруа тіркелген, олардың ішінде Григорийдің әкесі Ефим де болған. Фамилия «распутье», «распутица», «перепутье» сөздерінен шыққан.
Распутин туралы құжаттық фильмдер •Тарихи хроника. 1915. Григорий Распутин
• Распутинді кім өлтірді? (Who Killed Rasputin ?), реж. Майкл Уэддинг, 2004, 50 мин.
Дереккөздер
Санат:21 қаңтарда туғандар Санат:1869 жылы туғандар Санат:Покровскта туғандар (Түмен облысы) Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Көріпкелдер Санат:Британ барлау қызметтері операциялары нәтижесінде өлтірілгендер Санат:Григорий Распутин