thumb|right|200px| Ништадт бітім шарты — Ресей мен Швеция 1700-1721ж. Солтүстік соғысын тоқтатуға өзара келіскен шарт. Шартқа 1721 ж. 30 тамызда (10 қыркүйек) Ништадт қаласында(Финляндия) қол қойылды.

Орыс делегациясын Я.В.Брюс, А.И.Остерман, швед делегациясын Лилиенштадт, Штремфельдт басқарды. Ништадт бітім шарты бойынша Ригамен қоса Лифляндия, Ревель және Нарвамен қоса Эстляндия, Кексгольмді қоса Карелияның бір бөлігі, Ингерманландия, Эзельмен Даго аралдары Ресейге қарады. Ресей орыс әскерлері басып алған Финляндияның едәуір бөлігін Швецияға қайтарып берді және оған өтемақы ретінде 2 млн. ефимок төленді. Швеция ежелгі швед жерін сақтап қалды. Шарт бойынша екі мемлекет арасындағы сауда қалпына келтірілді. Армия мен флоттың тамаша жеңістерінің нәтижесінде Ресей ертеде Швеция басып алған жерлерін қайтарып алап, Балтық теңізіне шығуға жол ашты. Бұл шартқа орыс дипломатиясының ірі жетістігі арқасында қол жетті.Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 8-ші том.1976

Дереккөздер

Санат:Ресей империясының халықаралық келісімдері Санат:Швецияның халықаралық келісімдері Санат:Солтүстік соғыс Санат:XVIII ғасыр бітім шарттары Санат:10 қыркүйек оқиғалары Санат:1721 жыл Санат:Аумақтық өзгерістер туралы халықаралық келісімдер Санат:Ресей империясының аумақтық өзгерістері Санат:Швецияның аумақтық өзгерістері Санат:Финляндияның аумақтық өзгерістері