Әлсен Айсин (1922 — 1980, Біржан сал ауданы Чистяков а.) — еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1966). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Еңбек жолын 1945 ж. «Чистяковка» ұжымшарының мал фермасында есепші болып бастаған. Чкалов ауданы (қазіргі Тайынша ауданы) Алабота кеңшарында малшы (1952 — 57), 1957 жылдан сол шаруашылықта аға малшы болып жұмыс істеді. Орден, медальдармен марапатталған."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:1922 жылы туғандар Санат:1980 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Социалистік еңбек ерлері