Николаевка — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Әйет ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 491 адам (252 ер адам және 239 әйел адам) болса, 2009 жылы 430 адамды (221 ер адам және 209 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Бейімбет Майлин ауданы елді мекендері