Марко Верратти (; 5 қараша 1992, Пескара, Италия) — Италия Ұлттық футбол құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының жартылай қорғаушысы, италяндық футболист. 

Клубтық мансабы Пескарада дуниеге келген, ЛАкуиледе өскен. Кішкентай кезінде "Ювентустың" жанкүйері болған, өз кумирі ретінде Алессандро Дель Пьероны санаған. Вераттидің таланты жас кезінен танылған, тіпті жасөсіпірім кезінде оған "Атланта" және "Интернационал" клубтарынан шақырту түсірілген, дегенмен Марко өзінің туған "Пескарасын" таңдаған. 16 жасқа дейінгі бірінші маусымдағы  сәтті ойынынан кейін "Милан" оған 300 мың еуро ұсынған, бірақ футболист бас тартқан. 

Пескара Верратти — техникалық жағынан дарынды плеймейкер, "Пескараның" жастарға  арналған жүйесінде тәрбиеленген, 2008—2009 жылдың сезонында  16 жасында клуб атынан дебют жасады. 2009—2010 жылда Марко бұрынғыдан қарағанда жиірек және тұрақты түрде дебют жасады, және содан бері өз командасының ең маңызды ойыншыларының бірі атанды.

Пари Сен-Жермен 2012 жылы 18 шілдеде "Пари Сен-Жерменге" ауысып, бес жылдық келісім шарт жасасты, трансфердің құны 12 миллион еуро. 11 тамыз күні тұңғыш ойынын "Лорьянға" қарсы өткізді. 18 қыркүйек күні "Динамоға" (Киев) қарсы Чемпиондар Лигасындағы тұңғыш ойынын өткізді.

2019 жылы тағы да бес жылдық келісім шарт жасасты.

Жетістіктері

Командалық «Пескара»

Б сериясының жеңімпазы: 2011/12

«Пари Сен-Жермен»

Франция чемпионы (6): 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19 Франция суперкубогы (6): 2013, 2014,2015, 2016, 2017, 2018, 2019 Лига кубогы (5): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18 Франция кубогы (4): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18 Италия

Еуропа чемпионы: 2021

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:5 қарашада туғандар Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары