Төлесін Білісов (1909 жылы қазіргі Әйтеке би, Қарабұтақ ауылы - 1987 жылы Жарықкөл ауылы) – жырау, домбырашы, қолөнер шебері.

Өмірбаяны 1941-45 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. "Қобыланды", "Алпамыс", "Орақ-Мамай", "Кенесары-Наурызбай" қиссаларын домбырамен жатқа айтқан жырау. Ағаштан ойып, домбыра және ат көлігі құралдары, арба жасаған, қамыстан қамшы, жүген, ноқта әріп, темірден түйін түйген ұста. Қарабұтақтағы Әйтеке би мұражайында үзеңгі, қамшы, т.б. қолтумалары сақталуда.

Марапаттары Екінші және бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Ақтөбе: энциклопедия. - Ақтөбе, 2001. - 748 бет

Дереккөздер

Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Ақтөбе тұлғалары