Дариға Тұранқұлова (1948 жылы 22 ақпанда туған) — Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2008).

Толығырақ Дариға Тұранқұлова 1948 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. 1966 - 1970 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген. 1970 жылдан бастап театр педагогика саласында еңбек етеді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, профессоры.

Марапаттары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры 2016 - "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі 2011 - Елбасының қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алды. 2008 - Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері 2006 - Ерен еңбегі үшін медалі 2000 - Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі 1990 - КСРОның "Еңбек ардагері" медалі

Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері