Хиуаз Доспанова халықаралық әуежайы — Атырау қаласының әуежайы. 1931 жылы салынған.История аэропорта Атырау Әуежайдың тұрақты жұмыс жасауын сенімгерлік басқару арқылы Airport Management Group деп аталатын ҚТЖ құрылымы қамтамасыз етіп тұрадыhttp://www.inform.kz/ru/aeroporty-aktobe-atyrau-i-pavlodar-pereshli-pod-upravlenie-airport-management-group_a2882101 , 100% акциясы "Самұрық-Қазына" қорына тиесілі.
Атырау облысында Атырау әуежайынан өзге Теңіз жергілікті әуе желілерінің әуежайы бар. Кеңес уақытында облыста бірқатар жергілікті әуе желілерінің әуежайлары құрылған болатын (Индербор, Қарабау, Миялы, Райгородок, Мақат, Құлсары), алайда 1990-шы жылдары олар қараусыз қалып, содан бері тек Ан-2 ұшақтары мен тікұшақтардың авиациялық жұмыстар жүргізу кезінде қолданатын қону алаңдары ретінде пайдаланылады.
Әуе компаниялары мен бағыттар 2015 жылдың қарашасына сәйкес мәлімет бойынша Атырау әуежайынан келесі бағыттар бойынша рейстер ұшырылады:
Жолаушылар легі 2009 - 16 001 адамГодовой отчет аэропорта Атырау за 2011г. 2010 - 59 457 адам 2011 - 101 707 адам 2018 - 833 968 адам
Қабылдайтын әуе көлігі түрлері Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-28, Ан-30, Ан-32, Ан-72, Ан-74, Ан-124, Ил-62, Ил-76, Л-410, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42, Airbus A319, Airbus A320, Airbus A321, ATR 42, ATR 72, Boeing 707, Boeing 737, Boeing 747, Boeing 757, Boeing 767, және тағы да басқа 3-4 кластағы ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар. Әуе көлігінің ең көп ұшу салмағы шектеусіз. Ұшу-қону жолағының (PCN) жіктеу саны 84/F/C/X/T.
Ұшып-қону жолағы Ұшып-қону жолағының көлемі 3000х45 м.құрайды. Негізгі жолақтың екі жанындағы жанама қауіпсіздік жолағының ені 7,5 м. Ұшып-қону жолағы жабындысының қалыңдығы 115 см., дренаждық жүйемен және аяздан қорғайтын қабатпен жабдықталған. Жолақ жабындысының беткі қабаты, жарық түсуіне жол бермейтін полимерлі модифициаланған асфальттық бетонмен жабылған. Жабынды төзімділігінің коэффициенті 84-ке тең. Бұл коэффициент ұшу салмағы 600 тоннаға дейінгі ауыр ұшақтарды қабылдай алады.Е. Қаженбаев Атырау облысының географиясы ISBN 9965-741-14-х
Сілтемелер Ресми сайты
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әуежайлары Санат:Атырау облысы Санат:ҚазМұнайГаз