Ақай ауылдық округі — Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Ақай, Көлтабан ауылдары кіреді. Орталығы – Ақай ауылы.

Тарихы 1997 жылы Сарықобда ауылдық округі (орталығы Сарықобда а.) таратылып, Ильинка ауылдық округіне (орталығы Ильинка а.) қосылды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы Кейін Ильинка ауылдық округінен Сарықобда ауылдық округі қайта бөлініп шықты. 2010 жылы Ильинка ауылдық округі Ақай ауылдық округіАқтөбе облысы Алға ауданы Ильинка ауылдық округін Ақай ауылдық округі деп қайта атау туралы, Ильинка, Лохвицкое ауылдары Ақай, Бұлақсай болып өзгертілді.Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка селосын Ақай ауылы деп қайта атау туралыАқтөбе облысы Алға ауданы Ильинка селолық округінің Лохвицкое селосын Бұлақсай ауылы деп қайта атау туралы 2012 жылы округ құрамында болған Бұлақсай ауылы таратылды.Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 705 адамды (369 ер адам және 336 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Алға ауданы ауылдық округтері