Ландшафты архитектура — бұл жер учаскелерін табиғи немесе ұйымдастырылған элементтер арқылы эстетикалық жоспармен сәндеу. Мұнда топографиялық объектілер ғана қамтылып қоймай, өзен-көл немесе теңіз сулары сияқты өсімдіктер, ағаштар, бұтақтар, шөптер,гүлдер, террасалар, жолдар, көпірлер, фонтандар мен мүсіндерді де қамтиды. Географиялық орналасуына байланысты ландшафты архитектура әртүрлі салаларға бөлінеді. Ландшафты архитектура бұрындары ландшафты бақша деп аталды және жеке үй-жайларға арналып жасалды. Бүгінгі күні ландшафтық архитектура сәулет ескерткіштері, бақшалар мен парктер, сауда орталықтары мен автокөлік жолдары үшін де қолданылады. Олар өз кезегінде үйлесімді және дизайнерлік ландшафтық архитекторияға сәйкес гүлдермен әсемделуге тиіс. Ландшафты жоспарлайтын сәулетші осы салада үздіксіз білім алып жүрсе, болашақта кәсіби сәулетші немесе инженер ретінде өзін көрсете алады. Ландшафты сәулетші жеке кәсіпкер немесе жай ғана қызығушылығы бар адам бола алады. Бірақ үлкен бау-бақша өсімдіктердің архитектуралары жоспарланып жасалуы тиіс. Мұндай жобалар көптеген сұрыптауларды қажет етеді. Жоба қандай болмасын, мейлі көлік жолы немесе үлкен мекеменің сыртқы дизайны болсын, ландшафты архитектурасындағы ең маңызды нәрсе сол жердің климатын, географиялық орналасуындағы ерекшеліктері, топырағының құнарлылығы және тағы сол сияқты артықшылықтарының толық зерттеліп барып жоспардың құрылуы. Осыдан кейін ғана оны іс жүзінде жүзеге асыруға болады. Жалпы жоспар құрылғаннан соң, негізінен геометриялық симметриялы орналасуға мән беріледі. Кейде ол симметриалды болмауы да мүмкін (жаңа заман үлгілеріне ұқсас). Сондай-ақ, біз альтернативті энергия көздерін немесе тағы да басқа пайдалы әрі әсем заттарды орналастыруымызға болады. Бұрынғы заманға көз жүгіртсек, сонау мысырлықтар өмір сүрген кезеңнен бастап ландшафтық архитектура дами бастаған. Тек ол кезде «ландшафты архитектура» термині қолданылмаған. Мысал ретінде қазіргі уақытқа дейін сақталып келген әлемнің "Жеті кереметін " айтуға болады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Ландшафт архитектурасы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.