Сарысай — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Қызылсу ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Хромтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 769 адам (363 ер адам және 406 әйел адам) болса, 2009 жылы 455 адамды (238 ер адам және 217 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 500 адамды (256 ер адам және 244 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Хромтау ауданы елді мекендері