Ақтоғай ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Қотыртас, Ақтан батыр, Қорғанжар ауылдары кіреді. Орталығы - Қотыртас ауылы.

Тарихы 1997 жылы округке таратылған Амангелді ауылдық округі (орталығы Бершүгір ст.) қосылып, Сарышоқы ауылы Қауылжыр ауылдық округіне берілді. Ірілендірілген округтің жаңа орталығы Бершүгір станциясы болды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы Кейін Ақтоғай ауылдық округінен Біршоғыр ауылдық округі бөлініп шықты. 2005 жылы округ құрамында болған Сарытөбе ауылыӘйтеке би және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы, 2007 жылы Шахты ауылы таратылды.Хромтау және Шалқар аудандарының жекелеген елді мекендерін тарату туралы 2012 жылы округте жаңадан Ақтан батыр атындағы ауыл құрылды.Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінде Ақтан батыр атындағы ауылды құру туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 745 адамды (384 ер адам және 361 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы ауылдық округтері