Мамыт — Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы, Степной ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы
Географиялық орны Аудан орталығы - Бадамша ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 196 адам (96 ер адам және 100 әйел адам) болса, 2009 жылы 112 адамды (57 ер адам және 55 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Қарғалы ауданының таратылған елді мекендері