Қарғалы — Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл, бұрынғы Қарғалы ауылдық округі орталығы. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы шағын ауданға айналды.Ақтөбе қаласында екі ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Географиялық орны Ақтөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 10772 адам (5203 ер адам және 5569 әйел адам) болса, 2009 жылы 16093 адамды (7796 ер адам және 8297 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе қалалық әкімшілігінің таратылған елді мекендері