1938 жылы Францияда өткен футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы — 1938 жылы 19 маусымда Париждегі "Стад де Олимпик" стадионында өтті. Мұнда Италия мен Венгрия құрамалары кездесіп, Италия 4:2 есебімен жеңіске жетті де, қатарынан екінші рет әлем чемпионы атанды.

Матч Матч басталардан алдын Италияның диктатор көсемі Бенито Муссолини футболшыларға "Жеңіс! Немесе өлім!" деген үш сөз ғана жазылған жеделхат жолдайды. Осының әсерінен бе, Италия құрамасы барын салады. 6-минутта олар есеп ашады, алайда екі минуттан соң мажарлар есепті теңестіреді. Бірақ бұдан соң да жақсы ойнаған Италия үзіліске дейін және екі доп соғып, 3:1 есебімен алға шығады. Екінші таймда екі жақ бір-бірден гол соғып, Италия 4:2 есебімен жеңіске жетеді.

Италиялық бапкер Витторио Поццо жаттықтырушы ретінде қатарынан екі рет әлем чемпионы атанған тұңғыш бапкер.

Финалда ойнаған футболшылардың арасында ең соңғы боп өмірден өткен италиялық Петро Рава. Ол 2006 жылы 5 қарашада 90 жасында қайтыс болдыhttp://www.juventus.com/it/news/detail.aspx?lml_language_id=0&trs_id=1203000&ID=9209 .

Матч Детальдар

ҚП Альдо ОливьериҚР Альфредо ФониҚР Пьетро РаваЖҚ Пьетро СерантониЖҚ Уго ЛукателлиЖҚ Микеле АндреолоШ Джузеппе Меацца (к)Ш Джованни ФеррариШ Амедео БьяватиШ Сильвио ПиолаШ Джино КолауссиБапкер: Витторио Поццо ҚП Анталь СабоҚР Шандор БироҚР Дьюла ПолгарЖҚ Дьюла ЛазарЖҚ Анталь ШалайЖҚ Дьерд СучШ Дьюла ДженгеллерШ Йене ВинцеШ Пал ТиткошШ Дьерд Шароши (к])Ш Ференц ШашБапкер: Альфред Шаффер Дереккөздер

Сілтемелер 1938 FIFA World Cup Final planetworldcup.com

Санат:Футболдан 1938 жылғы әлем біріншілігі Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:1938 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары