Хазима Нұғманова (1958 жылы 11 қаңтарда Ресей Волгоград облысында туған) — Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006).

Толығырақ Хазима Нұғманова 1958 жылы 11 қаңтарда Ресей Волгоград облысы Палласов ауылында дүниеге келген 1976 - 1978 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияның актерлік мамандығын бітірген. 1978 - 1980 жылдары Атырау облыстық қазақ драма театрында актриса 1980 - 1984 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ радиосында диктор 1984 - 1993 жылдары Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрының әртісі 1993 - 1999 жылдары Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы 1999 - 2000 жылдары С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының әртісі. 2001 - 2005 жылдары Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы 2005 - 2011 жылдары Б.Римова атындағы Талдықорған облысының қазақ драма театрының әртісі 2010 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы колледжінің оқытушысы 2015 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында.

Сахнадағы негізгі рөлдері М.Әуезов «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Түнгі сарын» -Жүзтайлақ, «Қарагөз» – Қарагөз, Т.Ахтанов «АНТ» – Бәтима ханым, А.Сүлейменов «Қыздай жесір немесе штат қысқарту» – Үрия, М.Хасенов «Пай-пай жас жұбайлар-ай!» – Зәуре, Бану, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Зүбәржат, Шафақ, А.Камю «Калигула» – Цезония, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Гүлбаршын, Ә.Тәжібаев «Көтерілген күмбез» – Махаббат, С.Асылбекұлы «Желтоқсан желі» – Ақмарал, «Кенесары, Наурызбай» – Бопай ханша, Б.Мұқай «Тойы көп үй» – Назгүл, Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Әлия және т.б

Марапаттары 2006 жылы ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді. 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі

Отбасы Жары: актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов Екі ұл, бір қызы бар.

Санат:11 қаңтарда туғандар Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры актрисалары Санат:Атырау облыстық қазақ драма театры актрисалары Санат:Қазақ радиосы тұлғалары Санат:Талдықорған драма театры актрисалары Санат:Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры актрисалары Санат:Жезқазған қазақ музыкалық драма театры актрисалары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы колледжі оқытушылары