Қайнар (2022 ж. дейін — Новенький)Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Атамекен ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде, Деркөл өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Ауыл көшелері Ақжайық (Дорожная) көшесі Аққурай (Ульяновская) көшесі Әдемі (Московская) көшесі Береке (Новостройка) көшесі Болашақ (Школьная) көшесі Деркөл (Первомайская) көшесі Жамбыл Жабаев көшесі Жеңіс (Пионерская) көшесі Құланды (Уральская) көшесі Құрманғазы көшесі Сарыжайлау (Ленинградская) көшесі Тақсай (Детсадовская) көшесі
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 762 адам (379 ер адам және 383 әйел адам) болса, 2009 жылы 778 адамды (395 ер адам және 383 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 649 адамды (332 ер адам және 317 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері