Қаражар (2010 жылға дейін — ЧернояровоБатыс Қазақстан облысы Зеленов ауданындағы кейбір елді мекендердің атауларын өзгерту туралы) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Перемётный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде, Деркөл өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 379 адам (181 ер адам және 198 әйел адам) болса, 2009 жылы 268 адамды (125 ер адам және 143 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 218 адамды (114 ер адам және 104 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері