Өкпе сегменті (өкпелік сегмент, бронх-өкпелік сегмент) — сәйкес өкпе салатамырымен қанданып, тұрақты сегменттік бронхпен желдетілетін және үлес құрамына енетін өкпе аймағы (Kramer и Glass, 1932 г.). Бронх пен артерия сегменттің орталығын алып жатады. Сәйкес сегменттерден қанды әкететін көктамырлар сегмент аралық дәнекер тінді перделерде орналасады. Сегмент пішіні - ұшы өкпе түбіріне қарайтын, ал негізі ағзалық (висцерал) өкпеқаппен жабылған қиық конусты еске салады. Клиникалық тұрғыда өкпенің сегменттерге бөлінуі - өкпе тініндегі ошақты өзгерістердің нақты орналасуын анықтауда маңызды.

Өкпе сегменттерінің жіктемесі Қазіргі кезде 1949 жылы Лондонда Отоларингологтар Конгрессі мен Сүт безі аурулары мамандарының қоғамы қабылдаған өкпе сегменттерінің жіктемесі кең таралған. Бұл жіктеме 1955 жылы Парижде өткен IV Халықаралық анатомдар конгрессінде толықтырылды.

Оң өкпе Оң өкпенің 10 сегменті ажыратылады.

Жоғарғы үлес 3 сегментке бөлінеді: ұштық (, S1); артқы (, S2); алдыңғы (, S3).

Ортаңғы үлес Ортаңғы үлестің 2 сегменті болады: бүйір (, S4); орта (, S5).

Төменгі үлес Оң өкпенің төменгі үлесі 5 сегменттен тұрады: жоғарғы (, S6); орта негіздік, не жүректік (, S7); алдыңғы негіздік (, S8); бүйір негіздік (, S9); артқы негіздік (, S10).

Сол өкпе Сол жақ өкпеде әдетте 10 сегмент бар.

Жоғарғы үлес Сол өкпенің жоғарғы үлесі 5 сегментке бөлінген: ұштық (, S 1); артқы (, S2); алдыңғы (, S3); жоғарғы тілшіктік (, S4); төменгі тілшіктік (, S5).

Төменгі үлес Төменгі үлестің 5 сегменті ажыратылады: жоғарғы (, S6); орта негіздік (, S7), тұрақты емес; алдыңғы негіздік (, S8); бүйір негіздік (, S9); артқы негіздік (, S10).

Дереккөздер

Санат: Тыныс алу жүйесі