Исландия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Исландияның намысын қорғайтын ұлттық құрама. Басқарушы орган - Исландия футбол қауымдастығы. УЕФА және ФИФА лигаларының мүшесі. Олар 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан құрама. Ірі турнирлерде 2016 жылғы Еуропа чемпионатында Португалия, Венгрия, Аустрия құрамаларымен бір топқа түсті. Болашақ Еуропа чемпиондары Португалиямен 1:1 есебімен тең ойнады. Сосын дәл осындай есеппен венгрлермен тең түсті. Соңғы турда Аустрия құрамасын 2:1 есебімен ұтып, 1/8 финалға шықты. 1/8 финалда Англия құрамасын ұтып кетті. Бірақ ширек финалда алаң иелері француздардан 2:5 есебімен ойсырай ұтылды.
2018 жылғы әлемдік доданың іріктеуінде 10 ойынның жетеуінде жеңіске жетіп, Хорватия, Украина, Түркия құрамаларын артқа тастап, тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Финалдық турнирде Аргентина, Нигерия, Хорватия құрамаларымен бір топқа түсті.
Құрама жайлы фактілер 2017 жылы қазан айында ФИФА рейтингісінде 10 орынға көтерілді. Қазіргі бас бапкері - Хельмир Хальдгримссон Құрама сапында ең көп ойын өткізген ойыншы - Рунар Кристинссон (104) Құрама сапында ең көп гол соққан ойыншы - Эйдур Гудьонсен (29) Алғашқы матчын 1930 жылы 29 шілдеде сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. 1996 жылы 24 сәуірде Исландия құрамасы Эстониямен жолдастық кездесу өткізді. Ойын барысында 17 жасар Эйдур Гудьонсен өз әкесінің орнына алаңға шықты. Бұл ойын Эйдур Гудьонсенның құрама сапындағы алғашқы ойыны еді.
Құрамы 2018 жылғы әлем біріншілігі қарсаңындағы құрамы. ФутболшыКлубТуған күніҚақпашыХаннес Халльдоурссон Раннерс27 сәуір 1984Рунар Рунарссон Норшелланн18 ақпан 1995Фредерик Шрам Роскилле19 қаңтар 1995ҚорғаушыларБиркир Мар Севарссон Валюр11 қараша 1984Рагнар Сигурдссон Ростов19 маусым 1986Кари Арнасон Абердин13 қазан 1982Ари Фрейр Скуласон Локерен14 мамыр 1987Сверрир Ингасон Ростов5 тамыз 1993Хёрдур Магнуссон Бристоль Сити11 ақпан 1993Самюэль Фридйонссон Волеренга22 ақпан 1996Хольмар Эйольфссон Левски6 тамыз 1990Жартылай қорғаушыларАрон Гуннарссон (к) Кардифф Сити22 сәуір 1989Гильфи Сигурдссон Эвертон8 қыркүйек 1989Эмиль Хадльвредссон Удинезе29 маусым 1984Биркир Бьяднасон Астон Вилла27 мамыр 1988Йоханн Берг Гудмундссон Бернли27 қазан 1990Олафур Скуласон Карабюкспор1 сәуір 1983Арнор Траустасон Мальмё30 сәуір 1993Рюрик Гисласон Зандхаузен25 ақпан 1988ШабуылшыларАльвред Финнбогасон Аугсбург1 ақпан 1989Йоун Дади Бёдварссон Рединг25 мамыр 1992Бьёрн Бергманн Сигурдарсон Ростов26 ақпан 1991Альберт Гюдмюндссон ПСВ15 маусым 1997Бас бапкер Хеймир Хадльгримссон10 маусым 1967
Дереккөздер
Санат:Исландия Ұлттық футбол құрамасы