Придорожное — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Богданов ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін Придорожный ауылдық округінің орталығы болды.Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Придорожный селолық округін тарату және оның бағыныстылығын Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Богдановка селолық округіне өзгерту туралы
Географиялық орны Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 510 адам (246 ер адам және 264 әйел адам) болса, 2009 жылы 118 адамды (63 ер адам және 55 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 68 адамды (38 ер адам және 30 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Теректі ауданы елді мекендері