Кемер (2020 ж. дейін – Социализм)Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Шаған ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде, Барбастау өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 611 адам (309 ер адам және 302 әйел адам) болса, 2009 жылы 529 адамды (259 ер адам және 270 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 443 адамды (219 ер адам және 224 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Теректі ауданы елді мекендері