№12 әскери киножинақ - Жауынгердің ұлы — 1942 жылы Қазақфильм кинематографистертерімен түсірілген көркем фильм.Сын бойца
Сюжет Майданның бір бөлігінде шабуылдап жатқан гитлершілер өз алдына бір топ кеңестік әйелдер мен балаларды бір жерге жинайды. Бұл жағдай кеңестік әскерге жау бойынша оқ атуға жол бермейді. Қолында емшектегі баласы бар жас әйел жауынгерлерді жау бойынша атуға шақырады. Бұл әйел фашисттік автоматтың оғынан қайтыс болады.
Бірақ бұл қулық дұшпандарға көмектеспей, кеңес жауынгерлері қанаттардан оқ ашады. Әйелдер мен балалар кеңестік жертасаларға сәтті жетіп үлгереді. Жау қасында гитлершілер өлтергін әйелдің баласы ғана қалады. Оны құтқаруға жауынгер жіберіледі, бірақ ол жау оғынан мерт болады. Бұған қарамастан басқа батыл жауынгер баланы құтқарады. Бұл жауынгер — қазақ ұлтты Айманов. Айманов баланы асырап алу тілегін білдіріп, өзімен бірге Қазақстанға алып кетедіСын бойца .
Рөлдерде Сәбит Айманов — Қапан Бадыров Петр Воробьев — Олег Жаков Кротов — Евгений Немченко Клава — Манефа Соболевская Смирнова — Лариса Емельянцева
Дереккөздер
Санат:Қазақфильм фильмдері Санат:КСРО драма фильмдері