«Марибор» футбол клубы () — Словения футбол клубы, Марибор қаласынан. Ешқашан жоғары топтан төмен түспеген Словениядағы үш клубтың бірі. Словенияның солтүстік-шығысындағы Төменгі Штирия аймағының клубы.

1960 жылы құрылған соң 1991 жылға дейін Югославия чемпионатында өнер көрсетті. Бірақ көбіне бірінші лигада ойнап, жоғары топта сирек ойнады. Словения тәуелсіздік алған соң, елдің ең озық клубтарының біріне айналды. Еуро турнирлерге де жыл сайын қатысып, 1999–2000 жылғы маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турниріне шықты. Осы көрсеткішті 2015/16 жылғы маусымда да қайталады.

Тарихы

Жетістіктері Словенияның 16 дүркін чемпионы: 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00, 2000/01, 2001/02, 2002/03, 2008/09, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2016/17, 2018/19, 2021/22 Словения кубогының 9 дүркін иегері: 1991/92, 1993/94, 1996/97, 1998/99, 2003/04, 2009/10, 2011/12, 2012/13, 2015/16 Словения суперкубогының 4 дүркін иегері: 2009, 2012, 2013, 2014 2006 жылғы УЕФА Интертото кубогының жеңімпаздарының бірі.

Атақты ойыншылары Муамер Вугдалич Младен Дабанович Амир Карич Матьяж Кек Зоран Павлович Суад Филекович Алеш Чех Настя Чех

Сілтемелер Клубтың ресми сайты

Санат:Словения футбол клубтары Санат:1960 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Интертото кубогының жеңімпаз клубтары