УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2003 — 2002/03 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының шешуші матчы. 28 мамыр күні Манчестердегі "Арман театры" аталған "Олд Траффорд" стаионында өтіп, Италия командалары: "Милан" мен "Ювентус" өзара кездесті. Негізгі және қосымша уақытта есеп ашылмай, пенальтилер сериясында миландықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Матч Ойын тең дәрежеде өтті. Андрей Шевченконың қақпаны дәл нысанаға алған соққысы есептелмеді. Себебі ол допты тепкен сәтте португалиялық Руй Кошта оффсайтда тұрған-ды. Доп оған тимей қақпаға тура бағытталды, бірақ төреші "Руй Кошта қақпашыға кедергі жасады, сол себепті ойынға араласқан боп есептеледі" деп голды санаған жоқ.
Ойыннан кейінгі пенальтилерде "Ювентустың" үш бірдей футболшысы қателесті, нәтижеде "Милан" УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.
Бұл — жаңа формат тарихындағы әзірше жалғыз "италиялық финал".
Матч детальдары
GK 1 Джанлуиджи БуффонRB 21 Лилиан ТюрамCB 2 Чиро ФеррараCB 5 Игор Тудор LB 4 Паоло МонтероRM 16 Мауро Каморанези CM 3 Алессио Таккинарди CM 26 Эдгар Давидс LM 19 Джанлука ДзамброттаCF 17 Давид ТрезегеCF 10 Алессандро Дель Пьеро (к) Алаңға шыққандар:DF 15 Алессандро Биринделли MF 8 Антонио Конте FW 25 Марсело Салайета Бапкер: Марчелло Липпи GK 12 ДидаRB 19 Алессандро Костакурта CB 13 Алессандро НестаCB 3 Паоло Мальдини (к)LB 4 Кахабер КаладзеRM 8 Дженнаро ГаттузоCM 21 Андреа Пирло LM 20 Кларенс ЗеедорфAM 10 Руй Кошта CF 7 Андрей ШевченкоCF 9 Филиппо ИндзагиАлаңға шыққандар:DF 25 Роке Жуниор MF 23 Массимо Амброзини MF 27 Сержиньо Бапкер: Карло Анчелотти
Басқа да фактілер
1963 жылы италиялық футболшы Чезаре Мальдини "Милан" сапында Чемпиондар кубогында жеңіске жетіп, кубокты көтерген болатын. Арада 40 жыл өткен соң ұлы Паоло Мальдини капитан ретінде кубокты көтерді. Италиядан 60 ұшақ жанкүйер Манчестерге ұшып барыпты. Бұл осы турнир тарихындағы тұңғыш "италиялық" финал. Дереккөздер
Сілтемелер https://web.archive.org/web/20030608221319/http://www.uefa.com/competitions/UCL/Final2003/FixturesResults/Round%3D1640/Match%3D1045288/index.html
Санат:УЕФА Чемпиондар Лигасы 2002/03 Санат:2003 жылғы футбол Санат:Милан ФК ойындары Санат:Ювентус ФК ойындары Санат:УЕФА Чемпиондар лигасының финалдары