Массимилиано Аллегри (; 11 тамыз 1967, Ливорно) — италиялық футболшы және футбол жаттықтырушысы. Позициясы — жартылай қорғаушы.

Өмірбаяны Ешқашан ұлттық құрама сапында ойнамаған, ортанқол ғана футболшы болған. Оны Италияға адалдығымен құрметтейді, ғұмырында тек Италия клубтарында ғана ойнап, Италия клубтарын ғана жаттықтырып келе жатыр.

Футболшылық ғұмырында түрліше ортанқол клубтарда ойнап, айтарлықтай табысқа жетпеген. Жаттықтырушылық карьерасында қол жеткізген табыстары футболшылық ғұмырындағыға қарағанда әлдеқайда көп, жоғары. 2003 жылы "Альянезе" клубында ойнап жүріп ойыншы карьерасын аяқтады да, артынша сол командада бапкерлік өмірін бастады.

2010 жылдан бері "Милан"мен "Ювентус" клубтарын жаттықтырып, екеуін де Италия чемпионы атандырды. Үш жыл қатарынан "Алтын дубльге" қол жеткізген Италия тарихындағы бірінші бапкер. 2014/2015, 2015/2016, 2016/2017 жылғы маусымдарда Италияда жүлде атаулыны ешкімге бермеді.

Екі рет УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына шықты - 2015, 2017. Бірақ екеуінде де испан клубтарынан ұтылып қалды.

Бапкерлік статистикасы КомандаЕлБастаған уақытыАяқтаған уақытыНәтижеОЖТҰҰ %Кальяри4 маусым 200814 сәуір 20107627173235.52Милан25 маусым 201013 қаңтар 201417891493851.12Ювентус16 шілде 2014маусым 2019199143312571.85Бары453261979557.61

Жетістіктері «Милан» бапкері ретінде Италия чемпионы (1): 2010/11 Италия суперкубогы (1): 2011

«Ювентус» бапкері ретінде Италия чемпионы (3): 2014/15, 2015/16, 2016/17 Италия кбуогы (3): 2014/15, 2015/16, 2016/17 Италия суперкубогы (1): 2015

Жекелей жетістіктері Италиядығы "Жылдың үздік бапкері" (3): 2011, 2015, 2016 Энцо Беарзот жүлдесі: 2015

Сыртқы сілтемелер Жаттықтырушы профилі

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Ливорно ФК ойыншылары Санат:Пескара ФК ойыншылары Санат:Кальяри ФК ойыншылары Санат:Перуджа ФК ойыншылары Санат:СПАЛ ФК жаттықтырушылары Санат:Удинезе ФК жаттықтырушылары Санат:Сассуоло ФК жаттықтырушылары Санат:Кальяри ФК жаттықтырушылары Санат:Милан ФК жаттықтырушылары Санат:Ювентус ФК жаттықтырушылары