Патрис Латир Эвра (, ; 15 мамыр 1981, Дакар) — француз футболшысы, қорғаушы. Мансабы Клубтық left|thumb|200px|2008 жыл Сенегал астанасы Дакар қаласында өмірге келген. Патрис үш жасқа толғанда ата-анасы Еуропаға көшіп өтті. 1984-88 жылдары Париж маңындағы Лез Юлис елді мекенінде тұрды. Патрис "Лез-Юлис" клубының балалар командасында ойнап, кейін "Бретини" клубына ауысады. Осы жерде ойнап жүріп "Пари Сен-Жермен" клубына өтеді.

Кәсіби карьерасын 1999 жылы бастады. Францияның бірнеше клубтарында ойнап, 2006 жылы "Манчестер Юнайтед" командасына өтеді. Карьерасындағы ең ұзақ ойнаған клубы осы "Манчестер Юнайтед". Сегіз жыл бойы негізгі құрамда тұрақты ойнап, мүмкін болған жүлделерден тек Еуропа Суперкубогын ғана ұта алмайды, қалғандарына түгел қол жеткізеді.

Патрис ойнаған командалар УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына бес рет шықты (МЮ — 2008, 2009, 2011, "Ювентус" — 2015, 2017). Соның біреуінде ғана, 2008 жылы манчестерліктер "Челсиден" басым түсті. Қалған үш финалда да "Барселонадан" ұтылып қалды. Патрис төртеуінде негізгі құрамда алаңға шығып, тек 2015 жылғы финалда ғана 89-минутта орнын Кингсли Команға босатты.

2014 жылы жазда "Ювентуске" ауысты. Үш жылдай ойнап, 2017 жылы "Олимпик Марсельдің" құрамын толықтырды. 2018 жылы қаңтардан бастап "Вест Хэм Юнайтед" сапында доп теуіп келеді. Ұлттық құрамада Ұлттық құрамаға 2004 жылы шақырылды. Бірақ сол жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан 23 футболшының қатарына қосыла алмады. Алғашқы рет Еуропа чемпионатынан кейін 18 тамыз күні Босния және Герцеговина құрамасымен өткен жолдастық кездесуде алаңға шықты. Алғаш қатысқан ірі турнирі — 2008 жылғы Еуропа чемпионаты. Кейін де екі рет Еуропа чемпионатына (2012, 2016), екі рет әлем чемпионатына (2010, 2014) қатысты.

Жетістіктері Командалық «Монако» Француз Лигасының кубогы: 2002/03

«Манчестер Юнайтед» Англия чемпионы (5): 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13 Футбол Лигасының кубогы (3): 2005/06, 2008/09, 2009/10 Англия суперкубогы (4): 2007, 2008, 2011, 2013 Чемпиондар Лигасы УЕФА: 2007/08 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2008

«Ювентус» Италия чемпионы (2): 2014/15, 2015/16 Италия кубогы (2): 2014/15, 2015/16 Италия суперкубогы: 2015

Жекелей жетістіктері Жылдың үздік жас футболшысы: 2003/04 Англиядағы жылдың символикалық командасы(3): 2006/07, 2008/09, 2009/10 Жеке өмірі Болашақ жары Сандрамен 1994 жылы танысқан. Патрис пен Сандораның екі баласы бар, ұлдары Ленни (2005), қыздары Маона.

Патрис Эвра бірнеше тілде сөйлей алады. Французша, португалша, италиянша, испанша және ағылшынша. "Манчестер Юнайтедке" ауысқан соң Пак Чи Соннан корейше үйренбек болыпты, бірақ Патристің айтуынша, корей тілі тым күрделі екен.

Сілтемелер

Санат:Франция футболшылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ницца ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары