Жаңабет — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл, Жаңабет ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде, Ертіс өзенінің оң жақ жағасында, әр түрлі шөп аралас селеу өскен құмдақ қара топырақты жазықта орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1488986 874 88,6 475 453 95,4 511 421 82,4
Тарихы Іргесі 1930 жылдың басында қаланды. 1954 жылдан сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара өсіретін “Бобровка” кеңшарының орталығы болды. 1996 жылы оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана бар. Ауыл арқылы Павлодар — Омбы автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Тереңкөл ауданы елді мекендері