Герхард «Герд» Мюллер (; 3 қараша 1945 жыл – 15 тамыз 2021 жыл, Нёрдлинген, ГФР) — неміс футболшысы, шабуылшы.
Мансабы Германия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 1972 жылы Еуропа, 1974 жылы әлем чемпиондығына қол жеткізген. 1972 жылғы Еуропа чемпионатының финалында КСРО қақпасына екі доп соғып, финалдық матчтарда дубль жасаған тұңғыш футболшыға айналды. 1974 жылғы әлем чемпионатының финалындағы Нидерланд құрамасымен ойында есеп 1:1 боп тұрған сәтте екінші, шешуші голды соғып, құрамасының жеңіске жетуіне зор үлес қосқан. "Бавария" сапында ойнап жүріп УЕФА Чемпиондар Кубогының үш дүркін жеңімпазы болған. Әлем чемпионаттарында 14 гол соғып, 2006 жылға дейін бірінші орында тұрған. 1970 жылғы әлем чемпионатында 10 гол соғып, сұрмерген атанды.
Жетістіктері Командалық Әлем чемпионы: 1974 Еуропа чемпионы: 1972 ГФР чемпионы (4): 1969, 1972, 1973, 1974 Чемпиондар кубогы (3): 1974, 1975, 1976 Кубок Иелерінің кубогы: 1967 ГФР Кубогы (4): 1966, 1967, 1969, 1971 Құрлықаралық кубок: 1976
Жекелей Әлем чемпионатының мергені: 1970 Еуропа чемпионатының мергені: 1972 ГФР чемпионатының мергені (7): 1967, 1969, 1970, 1972, 1973, 1974, 1978 "Алтын доп": 1970 ГФР-дің үздік футболшысы (2): 1967, 1969 ФИФА 100 тізіміне енген
Басқа да фактілер "Адидас" фирмасы Герд Мюллер атындағы киімдер коллекциясын шығарады.
Сілтемелер Portrait of Gerd Müller on the FIFA World Cup site ӘЧ мергендері
Санат:Германия футболшылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Алтын доп иегерлері