Либерия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Либерияның намысын құорғайтын құрама. Басқарушы орган - Либерия Футбол Қауымдастығы. ФИФА және КАФ мүшесі.
Тарихы Құрама 1960 жылдардың ортасында әлемдік құрлықтық ұйымдарға мүше болды. Әзірше әлем чемпионатына қатыспаған. Африка Ұлттары кубогына екі рет қатысып, екеуінде де топтық турнирден аса алмаған.
1987 жылы Шығыс Африка кубогында финалға дейін жетіп, Гана құрамасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды.
1995 жылы африкалықтар арасынан әлемнің үздік футболшысы атанған Джордж Веа Либерия құрамасының өкілі.
Атақты футболшылары Джордж Веа Кельвин Себве Джеймс Дебба Крис Гбанди Зизи Робертс Кристофер Вре Джимми Диксон Дули Джонсон Сэм Джонсон Секу Олисе Джабате Фрэнсис Доу Сильванус Нимели
Дереккөздер
Сілтемелер Либериядағы футбол Құрама жайлы ФИФА сайтында
Санат:Либерия Ұлттық футбол құрамасы