Мавритания Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Мавританияның намысын қорғайтын ұлттық құрама. Басқарушы орган - Мавритания Футбол Федерациясы. ФИФА және КАФ мүшесі.

Тарихы Алғашқы ойынын 1963 жылы Сенегалда Конго Демократиялық Респбуликасына қарсы өткізіп, 0:1 есебімен ұтылып қалды. 1967 жылы Танзаниямен 1:1 есебімен тең ойнады да, құрама алғашқы голын соқты. Сондай-ақ құрама 1976 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары мен 1978 жылғы әлем чемпионаттарының іріктеулеріне қатысты, бірақ екі турнирді де сәтсіз аяқтады. Ал 1980 жылы 12 қазанда алғашқы жеңісін тойлады, Мали құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Құрама келесі ойынын тек арада 18 жыл өткен соң ғана өткізді. 1998 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Буркина-Фасодан екі ойын қорытындысы бойынша ұтылып, жарыстан шығып қалды — 0:0, 0:2.

Ешқашан әлем чемпионатына қатысқан емес. Африка Ұлттар кубогына тұңғыш рет 2019 жылы қатысады.

2018 жылғы матчтары ДатаМатчМатч статусы24. 03. 2018Мавритания — Гвинея—2:0Жолдастық7. 10. 2018Мавритания — Буркина-Фасо—2:0Африка Ұлттар кубогы-2019 іріктеуі. А тобы10. 10. 2018Ангола — Мавритания—4:0Африка Ұлттар кубогы-2019 іріктеуі. А тобы

Дереккөздер

Сілтемелер Мавритания футболы жайлы

Санат:Мавритания Ұлттық футбол құрамасы