Максим Александрович Шацких (; ; 30 тамыз 1978, Ташкент, Өзбек ССР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында 1999-2011 жылдары ойнаған шабуылшыӨзбекстан құрамасы футболшыларының статистикасы // rsssf.com, 23 сәуір 20081999-2011 жжШацких украин азаматтығын алғысы келеді // terrikon.dn.ua, 4 маусым 2009, Ұлттық құраманың капитаны болған. Карьерасы Өзбек футболының түлегі болғанымен, кәсіби карьерасын тек украиндық және ресейлік клубтарда өткізген. 1999 жылға дейін Ресейдің бірнеше клубында ойнады да, Киевтің "Динамосына" ауысты. "Динамода" тұрақты ойнап, 10 жылдай өнер көрсетті. 2009 жылы Қазақстанның "Астана" клубында жарты жыл тер төкті. Сосын қайтадан Украинаға барып, карьерасын аяқтағанша сол мемлекеттегі түрлі клубтар сапында ойнады. Карьерасында 124 доп соғып, Украина чемпионатының ең үздік мергеніне айналды.
"Динамо" сапында 1999 жылы "Жальгириспен" ойында алаңға шығып, УЕФА Чемпиондар Лигасындағы алғашқы ойынын өткізді. Сондай-ақ, ол Чемпиондар Лигасында гол соққан тұңғыш азиялық футболшы боп та тарихта қалды.
2012 жылы Украина чемпионатында 100 голдан артық соққан футболшылар қабылданатын "Олег Блохин атындағы мергендер клубына" мүше болды.
Украина чемпионатында "Максим Шацких атындағы мергендер" атты клуб та бар. Оған Украина чемпионатында 100-ден аса гол соққан легионер футболшылар мүше бола алады.
Өзбекстан құрамасы сапында 61 матч өткізіп, 34 гол соққан. Бұл әзірше рекорд саналады.
Бапкерлік карьерасы 2017 жылы 2 маусым күні "Динамоның" бапкері боп белоруссиялық экс-футболшы Александр Хацкевич тағайындалды да, Шацких көмекшілердің қатарына қосылды.
2022 жылы "Пахтакор" клубының бас жаттықтырушысы қызметін бастады.
Клубтары жжКлубМатч Гол1994—1995 Сокол-ПЖД (Саратов)12 (0)1995—1996 Торпедо (Волжский)4 (0)1996—1997 Лада-Тольятти-ВАЗ22 (9)1997—1998 Газовик-Газпром (Ижевск)27 (9)1998—1999 Балтика19 (5)1999—2009 Динамо (Киев) 215 (97)1999—2004 Динамо-2 21 (7)2001 Динамо-3 2 (1)2009—2010 Локомотив (Астана)15 (8)2010—2012 Арсенал (Киев)83 (21)2013 Черноморец (Одесса) 6 (0)2013 Арсенал (Киев)12 (1)2014—2015 Говерла25 (5)2015—2016 Рух (Винники)
Жетістіктерi Украина чемпионы (6): 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2003/04, 2006/07, 2008/09 Украина кубогы (5): 1999/2000, 2002/03, 2004/05, 2005/06, 2006/07 Украина суперкубогы (2): 2004, 2006 Бірінші канал кубогы (1): 2008
Дереккөздер
Cілтемелер Шахких атындағы легионер-мергендер клубы
Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:1978 жылы туғандар Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Ташкентте туғандар Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сокол ФК ойыншылары Санат:Арсенал Киев ФК ойыншылары Санат:Черноморец Одесса ФК ойыншылары Санат:Өзбекстан футбол жаттықтырушылары Санат:Пахтакор ФК жаттықтырушылары Санат:Астана ФК ойыншылары