Бандыны қуған Хамит немесе Даладағы қуғын — 1979 жылы Сәкен Сейфуллиннің осы аттас шығармасының желісімен "Қазақфильм" киностудисы түсірген фильм. Қоюшы режиссері — Абдолла Қарсақбаев.
Мазмұны Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдары қазақ даласында болған оқиғаларды баяндайды. Қызыл әскер Хамит дала батыры Құдірені қолға түсіруге тапсырма алады. Тек фильмнің соңында ғана мақсатына жетеді. Бірақ тірідей қолға түсіре алмайды, тек қашып бара жатқан жерінде атып құлатады.
Рөлдерде Досхан Жолжақсынов — Хамит, қызыләскер Әшірбек Шоқыбаев — Құдіре, дала батыры, контреволюционер Гүлнар Дусматова — Айгерім Владимир Еремин — Иван, Хамиттің серігі Бәйтен Омаров — Ақан ақсақал, ауылдың байы Мұхтар Бақтыгереев — Саттар Болат Қалымбетов — Әлімжан, жас бала Жамбыл Құдайбергенов — Ахмет, Құдіренің досы
Фильмнің қазіргі тағдыры Кеңес Одағы дәуірінде фильм Қазақстан телеарналарынан жиі көрсетіліп, көпшіліктен жақсы баға алып жүрді. Одақ тарқаған соң, елдің фильмге деген көзқарасы өзгерді де, бас кейіпкер мен Құдіреге деген пікірлері енді қарама-қайшы бағытқа ауысты. Сол себепті де фильм қазір отандық арналарда көрсетілмейді. Қазіргі күнде фильмді тек режиссер мен актерлердің теңдессіз шеберлігі үшін ғана тамашалауға болады.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Қазақфильм фильмдері Санат:1979 жылғы фильмдер Санат:Қазақстан фильмдері