Луиш Филипе Мадейра Каэйру Фигу (; 4 қараша 1972, Лиссабон) — португал футболшысы, жартылай қорғаныста ойнаған. «Барселона» клубының тұңғыш шетелдік-капитаны.
Өмірбаяны Өзінің 20 жылдық карьерасында "Спортинг", "Барселона", "Реал", "Интер" клубтарында доп тепкен. "Барселона" клубында жарқырап жүрген жерінен 2000 жылы жазда 56 милиион долларға (сол кездегі рекордтық баға) "Реалға" ауысып, Еуропаны таңғалдырды. Нәтижесінде каталондық клубтың жанкүйерлері біраз жылға дейін оны кәдімгідей жақтырмай жүрді. Барселонада өткен "Барселона"—"Реал" матчтарында жанкүйерлер наразылық ретінде түрлі заттарды алаңға лақтырып, оған деген ренішін байқатып отырған. Кейін Фигу бұл шулы трансфердің себебін өзінің отбасылық және экономикалық жағдайына байланысты екенін түсіндіргенФигу: Мен "Барселонадан" неге кеттім?.
2004 жылғы Еуропа чемпионатының финалында Португалия және Грекия құрамалары кездесті. Ойын барысында каталондық әйгілі футбол фанаты Джимми Джамп алаңға жүгіріп шығып, Фигуге "Барселонаның" баннерін лақтырып, оған деген өкпе әлде жек көру сезімін айғақтаған.
Фигу "Реалда" бес маусым ойнап, "Интерге" ауысты. 2009 жылы футболшылық карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама сапында 2006 жылға дейін ойнап, 2004 жылы Еуропаның вице-чемпионы атанды.
Жетістіктері Командалық Жастар арасындағы (-16) Еуропа чемпионы: 1989 Жастар арасындағы әлем чемпионы (-21): 1991 Еуропаның қола жүлдегері: 2000 Еуропаның күміс жүлдегері: 2004 Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 2006 Кубок иелерінің кубогы: 1996/1997 УЕФА Суперкубогы: 1997, 2002 УЕФА Чемпиондар Лигасы 2001/2002 Құрлықаралық кубок: 2002 Испания чемпионы («Барселона», «Реал» Мадрид): 1998, 1999, 2001, 2003 Италия чемпионы: 2006, 2007, 2008, 2009
Жеке ФИФА 100 тізіміне енген Еуропаның үздік футболшысы: 2000 ФИФА версиясы бойынша әлемнің үздік футбошысы: 2001 Португалияның үздік футбошысы: 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000
Жеке өмірі Швед модельері Элен Свединге үйленген. Үш қыз, бір ұлы бар. Қазір Миланда тұрады.
Дереккөздер
Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Алтын доп иегерлері