Қабыл Ібіжанов (20.12.1926, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Сталин колхозы(қазіргі Жаңаталап ауылы)) - Ұлы Отан соғысының ардагері.

Өмірбаяны 1935-1942 жж. - Сталин колхозындағы мектепте білім алған. 1942-1944 жж. - Шилі колхозында жұмысшы. 1944 ж. - әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысында Румыния, Болгария, Эстония, Архангельск қалаларын азат етуге қатысты. 1950-1952 жж. - Сарысу аудандық шикізат дайындау мекемесінде статист. 1952-1966 жж. - Сарысу аудандық тұтыну одағы мекемесінде есепші, ревизор. 1967-1982 жж. - Сарысу аудандық жұмыспен қамту мекемесінде инспектор. 1986 жылдан - зейнетте.

Марапаттары I дәрежелі Отан соғысы ордені Кеңес одағының маршалы Жуков медалі. Сарысу газеті, №45-46, 05.05.2018 ж.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қабыл Ібіжанов – Болгария, Румыния және Украина жерінде қайрат көрсеткен соғыс ардагері

ҚАБЫЛ ІБІЖАНОВТІҢ БҮГІНГІ ТІЛЕГІ – ЕЛІНІҢ АМАНДЫҒЫ

Санат:20 желтоқсанда туғандар