Jah KhalibJah KhalibТолық атыБахтияр МамедовТуған күні29 қыркүйек 1993(1993-09-29) (24 жас)Туған жеріАлматы, ҚазақстанМамандығырэп-орындаушыЖанрыхип-хоп/рэпhttp://www.jahkhalib.com/ Jah Khalib (Джа Калиб, шын аты Бахтияр Мамедов; 29 қыркүйек 1993 жылы д.к.) — қазақстандық орыс тілді рэпер, әнші, битмейкер және продюсерОфициальный сайт Jah Khalib.
Өмірбаяны Бақтияр Мамедов 1993 жылғы 29 қыркүйекте, Алматыда дүниеге келді. Әкесі — әзірбайжандық, анасы — қазақ. Бала кезінен рэп-музыкамен айналысқан. Оқыған музыка мектебінде саксофон класында оқыған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында музыкатану және менеджмент факультетін аяқтаған.
Битмейкер және саунд-продюсер ретінде көптеген қазақстандық рэперлермен, олардың арасында PR'OXY, Santos, Antrax, Hirosima және басқалармен жұмыс жасаған. Өзінің Jah Khalib деген сахналық лақап атын соло өнерін көрсете бастағанда таңдады. Өз сөзінше, Khalib (Халиб) деген ойдан шығарылған есім болса, Jah (Джа) — растафариандық Құдайдың аты. Танымалдыққа әлеуметтік желілер арқылы қол жеткізді. Арасында алғашқы шығармаларының ең танымалы "Твои сонные глаза", "SnD", "Сжигая драма театры" және "Сен үшін". Jah Khalib көп ұзамай тек қана Қазақстанда ғана емес, басқа да посткеңестік елдерде белгілі болды.
2016 жылы "Если че, я Баха" альбомын жариялады. 2017 жылғы көктемде "Лейла" атты композициясына бейнеклип түсірген .
2015 және 2016 жылдары шоу-бизнес және спорт жұлдаздырының "Forbes Kazakhstan" журналының тізіміне кірген. 2017 жылғы маусымда Муз-ТВ Жүлделер 2017 жылы "Жылдың жаңалығы" номинация жүлдегері болып танылған.
Сын 2022 жылғы 3 тамызда YouTube желісіндегі ORTA арнасы Мәмедов қатысқан, Ислам туралы екісағаттық подкаст жариялады. Қонақтардың бірі, заңгер Жаслан Айтмағанбетов университеттің криминалистика пәнінің подполковник оқытушысының әйел зорлау фактілерінің 85 пайызы жәбірленушінің «бұрыс орын, бұрыс киімде, бұрыс уақытта» болып қалғанынан орын алады дегенін айтқан. Айтмағанбетов кейін «киім деген адамды тартады, сөзсіз тартады» деп қосты. Мәмедов басқа қонақтармен бірге бұл сөзбен келісті. Басталатын уақыты: 57:01; "...Әйелдерге жасалатын зорлықтың 85% оның "бұрыс жерде, бұрыс киім киген, бұрын уақытта" болып қалғанда жасалып жатады. Міне... Киім деген [өзіне] тартып тұрады, шынымен де тартып тұрады..." ("...85% изнасилования женщин было по причине "не в том месте, не в той одежде, не в то время". Вот... Одежда она вызывает, на самом деле вызывает...") Бейнебаянның тек ер адамдардан құралған қатысушылары әйелдердің діндегі орны туралы да сөйледі және Мәмедов «әйел орамал кигенде өзін қауіпсіз сезінеді» деп айтты. Подкаст 2024 жылдың басында Қуандық Бишімбаевтың ісі жүріп жатқан кезде көпшіліктің назарына түсті және Instagram мен Twitterде подкасттың барлық қонақтарына қарсы бас тарту науқаны басталды. Мәмедовтің "Медина" әніндегі басты әйел рөлі үшін белгілі Айя Шалқар кейін Мәмедовпен бірге жұмыс істегені үшін өкінгеніне біраз болғанын және әндегі сөздердің мизогиндігі жайлы білетінін айтқан. Аты шулы болған подкасттың бөлігіне сілтеме жасап, ол "зорлықтың 100% зорлаушының кінәсінен жасалады" деді және "өзін ұстай алмайтындарды" иттерге теңеді.
Дискографиясы Альбомдар Альбом Шығарылған жылыKHALIBanija Dushi - EP2015Джазовый Грув2016Барлық бұл біз сүйеміз 2016Если че, мен Баха2016E. G. O2018 Синглдар
"Мамасита" 2017
"Бүгін таптым сені" 2017
Бейнеклиптер Клип Шығарылған жылыZNNKN2015Sunshine Lady 2015Созвездие ангела2016Мелодия2017Лейла2017Медина2018
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:1993 жылы туғандар Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Алфавит бойынша музыканттар Санат:29 қыркүйекте туғандар Санат:Алматыда туғандар