Жюль Риме (фр. Jules Rimet; 14 қазан 1873, Жоғары Сона, Франция — 16 қазан 1956, Сюрен, Франция) — ФИФА-ның үшінші президенті ретінде әлемге танымал болған тұлға. ФИФА-ны 33 жыл үздіксіз басқарған. Бұл рекордтық көрсеткіш.

Өмірбаяны Риме сонымен бірге 1897 жылы Париждің "Ред Стар" клубын құрған, 1919-1949 жылдары Франция Футбол Федерациясын басқарған. 1873 жылы Франциядағы Жоғары Сона аймағында дүниеге келген. Бірінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, лейтенант шенін алған. 1921 жылы ФИФА-ның президенті боп сайланды да, әлем чемпионатын ұйымдастыру ісіне бел шеше кірісті. Рименің белсенуімен 1930 жылы Уругвайда тұңғыш әлем чемпионаты өтті.

2014 жылы түсірілген режисер Ф. Обертеннің "Олар әлемді біріктірді" фильмінде Жюль Рименің рөлін Жерар Депардье сомдады.

Марапаттары "Құрметті легион" ордені "Соғыс кресті" ордені

Дереккөздер

Сілтемелер Биографиясы

Санат:ФИФА президенттері